25 Нау 2024
Страницы КГУ «Общеобразовательная средняя школа №36 имени М.Маметовой» отдела развития человеческого потенциала Келесского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области

Мектеп тарихы

Мектептің тарихы ХХ ғасырдың елу тоғызыншы жылдары М.Әуезов атындағы бастауыш мектеп болып ашылды. XX ғасырдың 60–70 жылдардағы Қазақстандағы шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.

М.Әуезов бастауыш мектебін алғашқы болып К.Нысанбеков мектепті 1964 жылға дейін басқарған. 1964 жылдан бастап мектеп 8 жылдық болып қайта ашылды. Сол уақытта мектепті Бакеев Аят 1980 жылға дейін басқарып келген. 1980 жылы мектеп №19 М.Мәметова атындағы мектеп арнаулы орта білім беретін мектеп болып аталды. Сол кезден бастап осы мектептің мұғалімі Қазыханов Жаңабай 1994 жылға дейін мектепті басқарды. Мектеп сол кезеңде көптеген жетістіктерге жетті.
Елді мекеніміздің атауы М.Горький болып ауысты. Осы уақыт аралығында Келес ауданы Сарыағаш ауданына қосылып мектептің номері №90 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектеп болып ауысты. Сол кезеңде бар жоғы 15 сынып болатын. Оқушы саны 470, одан кейін оқушы саны көбейді.
1994 жылдың қыркүйек айынан бастап мектепті химия пәні мұғалімі Иваходжаева Алтынай директор болып тағайындалды. 2005 жылға дейін көптеген жұмыстар атқарды. Ол кезең қиын кезең болатын. Еліміз тоқыраудан енді шығып келе жатты. Оқулықтардың жетіспеушіліктері, материалдық – техникалық базалардың нашарлығы оқуға біршама кедергілер келтірді.
2005 жылдан бастап математика пәні мұғалімі Тахирова Айна осы уақытқа дейін басқарып келеді.
Жаңа үлгідегі 600 орындық мектепте 2011 жылдан бастап, оқушылар білім алуда.Үш қабатты зәулім ғимарат қазіргі заман талабына сай,
бір спорт зал , 180 орындық думан залы , 100 орындық асхана, мультимедиа бөлмелері, пән бөлмелері интербелсенді тақталарымен жабдықталған.
2007 жылғы ҚР заңының 5 бабы 44 тармақшасына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы заң негізінде №90 М.Мәметова атындағы орта мектебі, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап №36 М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ауыстырылды.
Түркістан облысының Келес ауданы әкімдігінің 11.12.2018 жылғы № 98 қаулысының 39- қосымшаға сәйкес Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№36 М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар